16 жастағы Шерзат Болаттың қаза болған жеріндегі көшелердің бірін оның есімімен атау ұсынылды. Бұл туралы марқұмның отбасы атынан адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі көшелердің атауы – Менделеев пен Руставели. Олар Талғарға да, Қазақстанға да еңбегі сіңбеген тұлғалар.
«Сондықтан әкімдікке Менделеев көшесін Шерзаттың атына беру жөнінде ұсыныс айттым. Әкім бұл бастамаға қолдау білдірді», – деді адвокат.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!