Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Албанияда министрлікке жасанды интеллект тағайындалды

12.09.2025, 15:10 213

HALYQLINE.KZ

Албания тарихта алғаш рет үкімет құрамына жасанды интеллектті енгізді. «Diella» атты ЖИ мемлекеттік сатып алуларға жауап беретін министр қызметін атқарады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді.

Жаңа министрге қолдау көрсету үшін арнайы бөлім құрылып, ол мемлекеттік құрылымдарға нейрожелілерді енгізумен айналысады. Негізгі міндеті – тендерлердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету.

Айта кетейік, бұған дейін «Diella» e-Albania мемлекеттік порталында виртуалды көмекші ретінде жұмыс істеген. Осылайша Албания ЖИ-ді министр етіп тағайындаған әлемдегі алғашқы елге айналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: