“Аңыз адам”, “Жұлдыздар отбасы” журналдарының бас редакторы қауіпті кеселге шалдығып, күрделі операция үшін қаражат жинау үстінде, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Alash.KZ сайтына сілтеме жасап.
Уағында ел арасындағы ең танымал коммерциялық басылымды тізгіндеген тілші бүгінде басына жабысқан ауыр дертіне Оңтүстік Кореядан шипа іздеуге мәжбүр. Халық сүйетін журналистің жағдайын айтып, Facebook парақшасында қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай жариялады.
«АҢЫЗ АДАМ», «Жұлдыздар отбасы» журналының Бас редакторы Жарылқап Қалыбайды білмейтін адам кемде-кем. Журналдарының таралымы жүз мыңнан асып, оқырмандар арасындағы бәйгеге 20 жылқы, түйе тігіп, дүркіреткен Жарылқап қаржы тапшылығына ұшырап, зейнетақы мен 2-топ мүгедегінің ақшасына қарап қалды.
Пәле 2014 жылы Путинді Гитлермен салыстырып шығарған журнал санынан басталды. Ұзаққа созылған соттасулар, одан кейін журналды таратпау мақсатындағы экономикалық қысымдар оны қаржылай шығынға батырды. Соған қарамастан, журналдар бес жыл бойы шығып тұрды. Ақыры жабылды, табыс көзі үзілді. Бірақ ол қаламын қолынан тастаған жоқ, әлеуметтік желі арқылы халықты саяси-ағарту жұмыстарымен шұғылданды. Нұрбиліктің әділетсіздіктеріне қарсы тұрды. Әділдік пен шындық үшін күресті. Талай жылғы талас-тартыс оңай емес, іштей депрессияға түсті. 2019 жылы ковидпен ауырып, әрең аман қалды.
Журналист өкінішке қарай, онкологиялық ауруға –бауыр обыры (ГЦК – гепатоцеллюлярлі карцинома) дертіне ұшырағанын білмей қалды. Бір жылдан астам уақыт әртүрлі ем алып көрді. Екі мини-операция жасатты. Нәтиже болымсыз. Қазақстан,Түркия, Индияда емделіп көрді. Есесіне, дәрігерлік шешім анықталды. Жарылқап қанша қашса да құтылмады. Бауыр транспантациясын жасатпаса болмайды. Осыған дейінгі диагностика мен емге қыруар ақша кетті. Отбасы қаржысы таусылды. Күрделі операцияны Оңтүстүк Корея онко-хирургтарының жасауына сенім көрсетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!