Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тағайындау

08.09.2025, 11:46 205

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 84 — ЖҚ бұйрығына сәйкес Ұснадинов Берік Қайратұлы басқармаға қарасты “Арна” КММ-нің директоры қызметіне тағайындалды.

Берік Қайратұлы 1992 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.

Қызылорда «Болашақ» университетінің құрылысшы мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2014 жылдан 2016 жылға дейін Арал аудандық құрылыс бөлімінің әдіскер маманы болып бастаған.
2016-2022 жылдары Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің әдіскер маманы;
2022-2025 жылдары Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының инспекторы;
2025 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін «KazStroyCapital LTD Kyzylorda» ЖШС-нің сектор басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: