Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мотивацияны молдалардан алатын болыппыз… Нұрлан имам футболшыларға батасын берді

04.09.2025, 15:30 192

HALYQLINE.KZ

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Уэльс матчы алдында футболшыларға ерекше мотивация берілді. Белгілі дін қызметкері Нұрлан Байжігітұлы ұлттық құрамамен кездесіп, оларға бата берді, деп жазады penalty.kz.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бастамасымен ұлттық құрамаға рухани қолдау көрсету үшін көпшілікке танымал Нұрлан имам футболшылармен кездесті. Ол ойыншылармен тілдесіп, патриоттық рух пен сенімді арттыруға тырысты.

«Ертең дәл осы аренада Қазақстан құрамасы Уэльспен ойнайды. Бұл кездесуге біздің құрамамызды бас бапкер Әли Әлиев бауырымыз алып шығады. Бүгін жігіттерімізге бата беріп, ел намысы үшін барын салатынына сенім білдірдім. Баршамыз дұғада болайық, Жаратқан жар болсын!» — деді Нұрлан Байжігітұлы.

Қазақстанның алдағы ойындары

* 4 қыркүйек, 19:00 – Қазақстан – Уэльс (Астана Арена)

* 7 қыркүйек – Бельгия – Қазақстан (сырт алаңда)

Құрама қазір J тобында 3 ұпаймен 4-орында тұр. Сондықтан Уэльс пен Бельгияға қарсы кездесулер ұлттық команданың әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігін айқындайтын шешуші сәт болмақ.

Айта  кетейік

Футболдағы мотивация көбіне бапкерлік сөздер мен тактикалық жоспардан келетін болса, бұл жолы ҚФФ рухани қолдау әдісін таңдады. Дегенмен, бастысы – футболшылардың психологиялық сенімі мен жанкүйерлердің қолдауы. Қалғанын жасыл алаң шешеді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: