Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа оқу жылында қанша мектеп ашылады?

01.09.2025, 9:27 155

Еліміз бойынша 2025-2026 оқу жылының басына дейін 115 мың орынға арналған 83 жаңа мектеп пайдалануға берілетіні мәлім болды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 140 мың орынға арналған 111 мектептің құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Мектеп құрылысымен қатар, биыл 190 мың оқушыны қамтитын 245 мектепте ауқымды реновация бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оның шамамен 60%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңа оқу жылына дейін 99 мың оқушыны қамтитын 127 мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталатыны айтылды.

Сонымен қатар 2025 жылы 69 мыңнан астам оқушысы бар 1000-нан астам ауыл мектебі жаңғыртылып, 680 мектепке шамамен 1100 заманауи пәндік кабинет сатып алынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: