Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Қайрат” Алматыда “Реал Мадридпен” кездеседі

29.08.2025, 0:36 300

Алматылық «Қайрат» 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Реал Мадридке» қарсы ойнайды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тарихи кездесу Алматыда өтеді. Бұл қазақстандық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетуі болмақ.

Топтық кезеңге дейін «Қайрат» іріктеу кезеңінде бірқатар мықты қарсыласты жолдан тайдырды.

Алматылықтар «Олимпияны» (қос матч қорытындысы бойынша 3:1), «КуПС-ті» (камбэкпен 3:2), словактың «Слованын» (1:1, пенальти сериясында 4:3) және Шотландияның атақты «Селтигін» (0:0, пенальти 3:2) жарыстан шығарды.
Осылайша, алғаш рет қазақстандық клуб Еуропа футболының алыптарымен бір алаңда бақ сынайды. Ал дебюттік қарсылас — аңызға айналған «Реал Мадрид».

Чемпиондар лигасы ойындарының кестесі:

Жалпы кезең

1-тур: 16-18 қыркүйек 2025 ж
2-тур: 30 қыркүйек – 1 қазан 2025 ж.
3-тур: 21-22 қазан 2025 ж.
4-тур: 4-5 қараша 2025 ж.
5-тур: 25-26 қараша 2025 ж.
6-тур: 9-10 желтоқсан 2025 ж
7-тур: 20-21 қаңтар 2026 ж.
8-тур: 28 қаңтар 2026 ж.

Плей-офф кезеңі

Қосымша матчтар: 17-18 және 24-25 ақпан 2026 ж.

1/8 финал: 10-11 және 17-18 наурыз 2026 ж.

Ширек финал: 7-8 және 14-15 сәуір 2026 ж.

Жартылай финал: 28-29 сәуір және 5-6 мамыр 2026 ж.

Финал: 30 мамыр 2026 ж. (Будапешт).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: