Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан алдағы 5 жылда 100-ден аса ұшақ алуды жоспарлап отыр

22.08.2025, 14:45 207

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі күні еліміздегі әуе кемелері паркінде 104 ұшақ бар.

Мұның бәрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру аясында жүзеге аспақ. Жалпы, елдегі азаматтық авиацияны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар көңілге қонымды деуге болады.

Үкімет осы күні елдегі әуе кемелері паркінде 104 ұшақ барын, оның арасында 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы барын хабардар етті. 2030 жылға дейін, яғни алдағы 5 жылда техникалық парк тағы 103 ұшақпен толықтырылмақ.

– Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады, – дейді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Сонымен қатар, Қазақстанда көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау үшін елдің 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істеп жатыр. Оларды іске асыруға 2025 жылы 6,4 миллиард теңге бөлінген. Ерекше айта кетерлігі, Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: