Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өте сенгіш болма…

12.08.2025, 10:05 187

HALYQLINE.KZ

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап… (Абай)

Бірде ашыққан арыстан Түлкіге:

«Егер маған тамақ әкеліп бермесең, мен сені жеймін» деді. Түлкі есекке барып:

«Арыстан сені патша еткісі келеді, менімен бірге жүр» деді.

Есекті көрген арыстан оған шабуыл жасап, құлағын жұлып алған кезінде есек қашып үлгерді.

Есек Түлкіге: «Сен мені алдадың, арыстан мені жемек болды» деді.

Түлкі: «Ақымақ болма, ол сенің құлағыңды алып, орнына тәжін қойғалы жатқан болатын, ақымақ болма, қайтып барайық» деді.

Бұл сөз есекке шынайы болып көрінді, сондықтан ол қайта еріп келді.

Арыстан есекке тағы шабуыл жасап, бұл жолы құйрығын жұлып тастады!

Есек Түлкіге: «Сен өтірікшісің! Арыстан менің құйрығымды жұлып тастады!».

Түлкі: «Ақымақ суми, құйрығыңды жұлып, сені әдемі таққа отырғызғалы жатқан еді. Қане, менімен бірге қайта жүр!».

Түлкі есекті алдап қайта баруға көндірді, бірақ бұл жолы арыстан есекті ұстап алып өлтірді.

Арыстан:

«Ананың терісін сыпырып, миы, өкпе-бауырын, жүрегі-бүйрегімен қосып алып кел!» деді.

Түлкі есектің терісін сыпырып, миын жеп алды да, өкпе, бауыр, жүрек, бүйрегін әкеліп берді.

Ашуланған арыстан: «Миы қайда?!.

Түлкі: Патша ием, миы болған жоқ. Егер оның миы болса, құлағы мен құйрығын жұлып алса да, қайта-қайта қайтып келе бермес еді» деді.

Арыстан: «Шынында, солай екен ғой…» деді.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: