Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министр есеп берді

11.06.2020, 10:25 564

Сейсенбі күні ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа онлайн түрде есеп берді. Жиында­ бас полицей министрліктің жұмысы жөнінде кеңінен тоқталды.

Министр талайды тақырға отырғызған «Гарант 24» ломбард ісін тергеуде қиындықтар болып жатқанын айтты. Себебі сан соғып қалған қазақстандықтардың саны өте көп екен. Сондай-ақ, келтірілген шығын мөлшері де аз емес дейді ол. Пандемия кезінде қылмыс­ азайғанымен, интернет-алаяқтық деректері көбейген.

– Карантин кезінде интернет-алаяқтық дерегі көбейген. Мәселен, жақында жалған криптовалютаны айналымға енгізіп, 1 миллиард теңгені жымқырған қылмыс­тық  топ  құрықталды, – деді ол.

Сонымен қатар пандемия тұсында отбасылық жанжалдардың саны артқан. Жыл басынан бері елімізде­ қылмыс 38%-ға азайған. Дегенмен, төтенше жағдай кезінде отбасындағы тұрмыстық қақтығыстар 25 пайызға өскен. 402 бала зорлық-зомбылыққа ұшырапты.­ Министр 10 жәбірленушінің 2-еуі ғана полицияны­ң  көмегіне  жүгінеді  дейді.

Есепті жиында Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер саласын­да  жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталды. Оның  сөзінше, өткен жылы жеке құрамның саны 10 пайызға қысқарған. Соның арқасында шығар, бұл саладағы  сыбайлас жемқорлық та 34 пайызға азайыпты­. Бас полицей министрлік  жұмысының ашық­тығын  қамтамасыз ету бағытында қолға алынған­  өзгеріс­терді  атады.

– Бұл мақсатта бірқатар жаңа жобалар қабылданды:

– Азаматтарды қабылдау тәртібі қайта қаралды,  енді  облыстық  департаменттер, ҚІІБ, АІІБ басшылары  апта  сайын  азаматтарды  қабылдайды.

– Азаматтардың көп бөлігін өтініштері бойынша орталық аппарат тұрақты негізде қабылдайды.

– «Азаматтар үшін қабылдау» жобасы табысты басталды. Қалалық және аудандық полиция бөлім­шелерінде 251 қабылдау бөлмесі ашылды.

– «Еститін мемлекет» концепциясы шеңберінде және полицияның халықпен өзара тиімді байланысын жақсарту үшін «Жолда қабылдау» акциясы үнемі өткізіледі, – деді министр.

Жиында  ол  коронавирус  жұқтырған полицейлер­дің де жағдайын айтты. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуын­ша, ішкі істер органдарының 589 қызметкері коронавирус жұқтырған. Олардың 412-сі жазылып шықса, 170  адам  әлі  емделіп  жатыр.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрі әлеуметтік желіге­ не себепті тіркелмегендігін түсіндіріп берді.

– Қаламағанымнан емес. Өйткені, біздің бөлім­шелеріміз өте үлкен. Ішкі істер министрлігінің жеке құрамында 148 мың қызметкер бар. 4 ірі бөлімше – бұл полиция бөлімшесі, Ұлттық гвардия, Қылмыстық атқару­  жүйесі  комитеті және Төтенше жағдайлар жөніндегі  комитет.  Өте  көп оқиға болып жатады. Ел аумағында бір тәулікте 400-500, жылына 230-240 мың қылмыс тіркеледі. Сондықтан тек менің блогыма ғана күнделікті 500-ге дейін сауал түседі. Егер өзіме аккаунт­ ашатын болсам, онда 24 сағат сонда отырып, сауалдарға жауап беруіме тура келеді. Ішкі істер министрін­ің тікелей атына келіп түсетін шағымдар мен жүгінулерді өзім қарап, қолымды қоя отырып, жауап­  беремін, – деді  Ерлан Тұрғымбаев.

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: