Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақыл айтамыз!

11.07.2025, 17:40 156

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Су тегін ақыл айтамын. Егер сіздің қызметіңіз өсіп, қақиып қалсаңыз, былайша айтқанда кісілік пайда болса, адам баласын менсінбейтін болсаңыз, оқтау жұтыңыз. Одан бетер қақия түсесіз…

***

Жағымпаздықты үйреніңіз. Егер бастығыңыз әйел затынан болса, «Кешіріңіз, бөксеңізге тіземнің тиіп кеткеніне ғафу өтінемін! Кешірім өтінемін, бөксеңізге тізем тиіп кетті… Бөксеңізге тіземнің тиіп кеткенін кешірген боларсыз? Бұдан былай артыңызға қарамаймын, кешіріңіз… Кешірім өтінемін, бөксеңізді өкпелетіп алдым-ау деймін…» деп мың мәрте басыңызды иіп тұрып алыңыз!

***

Егер әйеліңізге тіліңіз батпаса, ол жоқта үйіңізге ерте келіңіз де, оның көйлегін төсекке жайып қойып: «Оңбаған қатынсың! Мені еркек деп сыйламайсың! Осы тұрған жеріңде тас-талқаныңды шығарайын ба?» деп көйлектің үстіне жата кет! Ашуың келсе, көйлектің дал-далын шығарып, жырта сал…

***

Электр жарығын үнемдей білу керек. Ол үшін ләмпечкенің жартысын қараңғылап, қара бояумен бояп қойыңыз…

***

Ұзақ өмір сүру үшін, ұзақ өмір сүріңіз…

***

Егер сізді машина қағып кетіп, өліп қалсаңыз, міндетті түрде көлік иесін сотқа беріңіз!

Мұхтар  ШЕРІМ

Карикатура: anekdot.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: