Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы өнерпаздары облыстық байқауда үздік шықты

05.07.2025, 14:47 178

Қызылорда қаласының астана болып жарияланғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты облыстық өнер байқауында Қармақшы ауданының өнер ұжымдары жоғары дайындық пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.

Байқау аясында аудан атынан қатысқан өнерпаздар тарихи тақырыпты көркем жеткізіп, туған өлке рухын сахнада жан-жақты ашып көрсетті. Әрбір қойылым мазмұны мен көркемдік деңгейі жағынан жоғары бағаланып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Бұл жетістік – Қармақшы ауданының өнер мен мәдениет саласындағы жүйелі жұмысының жемісі. Рухты жаңғыртып, ауданның мәртебесін биіктеткен барлық қатысушылар мен шығармашылық топтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Қармақшы – өнердің ордасы, рухтың мекені!

Айта кетейік, аталған байқау – туған өлкенің рухани мұрасын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған игі шара.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: