Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға еріктілер көмектесуде

09.06.2020, 16:50 556

HALYQLINE.KZ  500-ге жуық ерікті Азаматтарға арналған үкімет пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алу дағдылары бойынша ұйымдастырған тиісті оқу курстарынан өтті.

Еріктілер азаматтарға мобильді азаматтар базасында өз бетінше тіркелуге, ЭЦҚ алуға, халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті брондауға, сондай-ақ egov.kz порталында электрондық қызметтерді алуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.

Азаматтарға арналған үкіметтің төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттік корпорация төтенше жағдай мен карантин енгізілгенге дейін де еріктілер ұйымдарымен ынтымақтастық құра бастаған. Қазір еріктілердің көмегі бұрынғыдан да қажет бола түсті. «Өңірлердегі түсіндірме жұмыстарына еріктілер тартылды, олар ХҚО-ға келуші азаматтарға кеңес бере отырып, бізге үлкен қолдау көрсетіп жатыр. ХҚО-лар 2 айға жуық уақыт жұмыс істемегендіктен, қызмет алушылардың саны күрт көбейді. Сондықтан, қазіргі уақытта біздің барлық маман мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысуда», – деді Балташева.

Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында электрондық қызметтер бұдан былай көрсетілмейді. Оларды әкімдіктерде, сауда және ойын-сауық орталықтарында, медициналық ұйымдар мен университеттерде және т.б. жерлерде орналасқан арнайы egov бұрыштарынан алуға болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 600-ден астам осындай бұрыш бар. Еріктілер азаматтарға сол жерлерде де кеңес береді деп жоспарланған. Сондай-ақ қызметтерді өз бетінше алу бойынша кеңестер халыққа қызмет көрсету ғимаратының кіреберісінде және цифрлы халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі.

Қызылордалық «Golden Qazaqstan» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытбек Кенжебектің айтуынша, олар ең алдымен ХҚО-ның жұмыс барысымен, қызмет көрсетудің жаңа форматымен танысып, оқудан өткен.

«Мұнда еріктілер өз біліктіліктерін арттырып ғана қоймай, халықтың көп сұрататын мемлекеттік қызметтері бойынша кеңес беріп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тұрғындарға онлайн қызметтерді алу жолдарын түсіндіріп, көмек көрсетіп жатыр. Кішкене болса да халықтың кәдесіне жарап, цифрлық дағдыларын жоғарылатуға көмектесіп жатқанымызға қуаныштымыз», – деп толықтырды Бақытбек.

Айта кету керек, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істегісі келетін жастардың көпшілігі Қызылорда, Қарағанды облысы мен Шымкент қаласынан. Ең азы – Павлодар облысынан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: