Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Департамент басшысы ұсталды

01.07.2025, 10:00 200

Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысын әшкереледі. Ол жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді ресімдеуге жәрдемдескені үшін Түркістан қаласының тұрғынынан 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

«Күдікті соттың санкциясымен 2025 жылдың 28 маусымында қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген антикор мәліметінде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: