Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді

30.06.2025, 16:55 223

HALYQLINE.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылды.

Осылайша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылды.

«Қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын», — делінген президент жарлығында.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы президентінің қарауына:

1) Қызмет туралы ереженің жобасын;

2) Қазақстан Республикасының үкіметімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізуі қажет.

Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы президентінің қарауына агенттік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлық жобасын енгізуі керек.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екі ай мерзімде осы жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауы қажет.

Ал үкімет 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы жарлықтан туындайтын заң жобасын әзірлеп және парламенті мәжілісінің қарауына енгізуі қажет.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: