Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шәменов орынбасарын облыстан алдырыпты

09.06.2020, 14:25 2087

HALYQLINE.KZ Биылғы жылдың наурыз айында Жалағаш ауданының әкімі қызметіне тағайындалған Асылбек Шәменов кадр жасақтауға кіріскен тәрізді. Бүгін аудан басшысы актив отырысында өзінің су жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл жауапты қызметті ол Ерлан Бакировқа жүктеген екен. Е.Әмірханұлы жалағаштықтар үшін жаңа шенеунік болғанымен, Шәменовке жақсы таныс. Олай дейтін себебіміз, аудан әкімі 2018-2020 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болған тұста Ерлан Бакиров оның орынбасары қызметін атқарыпты.

«Жалағаш жаршысы» сайтының хабарлауынша, Ерлан Әмірханұлы еңбек жолын 2004 жылы заңгер болып бастаған. 2005-2006 жылдары облыстық табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2006-2011 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтар жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, 2011-2016 жылдары облыс әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың мамыр айынан бастап осыған дейін облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жиын барысында Асылбек Шаменов ескі де, жаңа әріптесінің мемлекеттік қызметте, оның ішінде басқарушы лауазымдарда тәжірибесі мол білікті маман екенін айтыпты.

Айта кетейік, Ерлан Әмірханұлы экономика, қаржы саласына жетекшілік етпек.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: