Қазалы ауданы әкімінің өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға іріктеу жүргізетін конкурстық комиссияның хаттамасының шешімі негізінде Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы «Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы 1982 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тарих, құқық және экономика мамандығы 2017 жылы Аймақтық эконмика университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қазалы ауданында №70 мектепте мұғалім болып бастаған.
2006-2008 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, 2008-2014 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, 2014-2015 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменттің Батыс аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімімінің бас маманы, 2016-2017 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, 2017-2018 жылдары Қазалы ауданының білім бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!