Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жазғы кезеңде ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі

08.06.2020, 18:30 560

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында 2020 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен онлайн режимінде департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов пен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Гүлмира Пірназарова «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде жасалып жатқан шаралар бойынша тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфир барысында Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының негізгі функцияларының бірі автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету және отандық және шетелдік автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдауды бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша сөз козғалды.

Автомобиль жолдары желісінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі – бұл сегіз тоннадан астам жекебілікке түсетін жүктеме мен автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізу.

Автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында енгізілгенін ескеру қажет.

Жазғы кезеңде ауа температурасы 25С жоғары болған жағдайда автокөлік құралдарының қозғалысын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін шектеу енгізіледі. Қызылорда облысының климаттық жағдайын ескере отырып, бұл шектеу 1 маусымнан 31 тамызға дейін енгізіледі.

Егер жүк автокөлік құралының салмақтық параметрлері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 26.03.2015 жылғы № 342 бұйрығы мен белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен аспайтын болса, жазғы уақытша шектеулер кезеңінде жүк автокөлік құралының қозғалысы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін тоқтатылады.

Бұл шектеу төтенше жағдайларды жоюмен айналысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді, тамақ өнімдерін тасымалдауды, жолаушылар мен багажды тасымалдауды, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автомашиналарға қолданылмайды.

Кездесу соңында департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Мақсұтұлы көрермендер тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта ANTIKOR.LIVE жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табатындығын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: