Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Олимпиада чемпионы басшылық қызметке тағайындалды

14.06.2025, 1:45 161

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Дмитрий Баландин су спорт түрлері федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды.

Қазақстан су спорт түрлері федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдыңғы бас хатшы Сергей Дроздовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін конференция делегаттары Баландиннің кандидатурасын қолдаған.

Айта кетейік, Баландин – жүзу бойынша Олимпиада ойындарының жалғыз қазақстандық чемпионы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: