Фото: ашық ақпарат көзінен
Колумбиялық сенатор Мигель Урибеге қастандық жасалды.
Президенттікке үміткер Боготадағы сайлау алдындағы митингі кезінде, жақтастары алдында сөз сөйлеп тұрған. Сол сәтте оған оқ атқан. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі aikyn kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Шабуыл жасады деп болжанған адам – Урибенің күзетшілері жаралаған 15 жасар жасөспірім», – деп жазады жергілікті El Tiempo газеті.
Сенатордың арқасынан алты рет атылған, оқтың бірі Урибенің басына тиген. Атыс кезінде тағы екі адам жараланған.
Қазіргі кезде саясаткер ауруханада жатыр. Шабуыл жасаушы ұсталды.
Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған бала оқиға орнына мотоциклмен келген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!