Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлының қымбат сыйлығы үшін премьер отставкаға кетті…

04.06.2025, 8:50 191

HALYQLINE.KZ

Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ қызметінен кетті. Пәленің бәрі оның 23 жастағы ұлы Тэмүленнің қалыңдығына 5 мың доллардың Chanel маркалы сумкасын алып беруінен басталған. Ғашықтардың сән-салтанатты өмірі халықтың ашу-ызасына тиіп, табыс декларациясын талап еткен.

Әлеуметтік желіге салынған әлем-жәлем суреттер өткен айда халықтың көшеге шығуына да себеп болған. Оларды Үкіметті коалиция құрып бірге жасақтаған Демократиялық партия депутаттарының да қолдап шыққаны үшін оларды коалициядан ығыстыруы мәселені тіпті ушықтырған.

Моңғолия Парламенттік мемлекет болғандықтан дауға соңғы нүктені депутаттар қойған. Парламентте жасырын өткізілген сенім вотумында 126 депутаттың 82-сі ғана қатысқан. Оюун-Эрдэнэ қажетті 64 дауыстың 44-ін ғана алып, отставкаға кетті.

Жемқорлықпен күрес құрылымы іс қозғап үлгерген.

2021 жылдан бері бұл қызметте отырған ол Моңғолия тарихында ең ұзақ үкімет басқарған шенеуніктің бірі саналатын.

Оюун-Эрдэнэ отставкаға кеткенмен жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін 30 күн уақытша қызметін жалғастырады.

Erzhan  Tolek.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: