Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент сайлауының екінші кезеңі басталды

02.06.2025, 11:25 156

Польшада президенттік сайлаудың екінші туры басталды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Deutsche Welle таратқан мәліметке сүйенсек, сайлаушылар бұл жолы екі негізгі үміткер арасында таңдау жасайды:

Еуропалық бағытты ұстанатын Варшава мэрі Рафаэл Тшасковский, оған қазіргі премьер-министр Дональд Туск қолдау білдіріп отыр;

Консервативтік және ұлтшыл көзқарастағы Кароль Навроцкий, ол оппозициялық «Құқық пен әділеттік» партиясының қолдауына ие.

Бұл сайлаудың жеңімпазы қазіргі президент Анджей Дуданың орнын басады.

Ел бойынша 32 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылып, дауыс беру жергілікті уақытпен кешкі 21:00-ге дейін жалғасады.

Сауалнама нәтижелері сайлау тартысты өтіп жатқанын көрсетуде: Тшасковскийді сайлаушылардың 46 пайызы қолдаса, Навроцкий 47,7 пайыз қолдауға ие болған. Яғни олардың арасындағы айырмашылық бар болғаны 1,7 пайыз шамасында екені белгілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: