АҚШ президенті Дональд Трамптың кенже қызы ана атанды. Тиффани Трамп (суретте) қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тиффани Трамп 15 мамырда ұл баланы дүниеге әкелгенін хабарлады.
«Бұл әлемге қош келдің, біздің тәтті балапанымыз – Александр Трамп Булос. Біз сені шексіз жақсы көреміз! Біздің өмірімізге келгенің үшін рақмет!» — деп жазды Тиффани.
РБК нақтылағандай, баланың әкесі – миллиардер Майкл Булос, Трамптың кенже қызы онымен 2022 жылы бас қосқан.
Трамп 2024 жылдың қазан айында Детройт экономикалық клубында сөйлеген сөзінде Тиффанидің жүкті екенін айтты. Саясаткер қызы мен күйеу баласын «ерекше» деп атады.
Тиффани – АҚШ президентінің бұрынғы әйелі Марла Мэйплзден сүйген жалғыз қызы, ол 31 жаста.
2019 жылдың жазында Трамп оныншы немересін сүйді – ұлы Эрик пен келіні Лара Кэролайн Дороти атты қызды дүниеге әкелді. Жалпы, саясаткердің үш әйелінен бес баласы бар.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!