Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

27.01.2020, 15:06 446

07.02.2019 жылы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1994 жылы туған қала тұрғыны есірткі затын (марихуана) заңсыз сақтағаны анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша есірткі заты 1 граммнан аса мөлшерде болған (актісі бойынша 1,11 гр). Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

24 қазан 2019 жылы Қызылорда облысының мамандырылған ауданаралық сотының үкіміне сәйкес, күдікті азамат Қазақстан Републикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 70 АЕК, яғни 176 750 тенге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: