Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жағымпаздану және әлеуметтік өсек ережесі

22.04.2025, 11:20 264

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Елімізде шенеуніктерге жағымпаздану мен өсек шаруашылығын дамыту мақсатында үкімет тарапынан байқау жрияланады.

1. Байқаудың құрылтайшысы: билік. Биліктегі кландар.

2. Байқаудың мақсаты: байқауға бюджеттен бөлінетін қаржыны талан-таражға салу.

3. Байқаудың мерзімі: таң атып, күн батқанша.

4. Жағымпаздану номинациясы бойынша: билікке жағымпаздану бір айдан аспауы тиіс. Егер тезисі болса, 800 парақтан аспағаны жөн.

5. Өсек айту номинациясы бойынша: бұрын еш жерде айтылмаған, жарияланбаған су жаңа өсектер ұсынылады, 2050 жылы президент пәленше болады, 2070 жылғы Қазақстанның болашағы сондай болады, 2080 жылы 2024-2025 жылдардағыдай су тасқыны қайталанады екен деген сияқты өсектер. Тұрмыстық өсектер қабылданбайды.

6. Бас жүлде – 500 миллион теңге, 60 тиын, бірінші орын – 599 миллион, 59 тиын, үшінші орынға өзінің айлығы, ынталандыру сыйлықтарына ештеңе бермейміз, тас та жоқ.

7. Ұйымдастырушылармен байланыс: бас жүлдеге ие болу үшін маған жағымпазданып, су жаңа өсектерден айтып кетіңіз.

Байқау Астана қаласында, Есіл өзенінің ортасында шомылып жүріп өткізіледі… Көріскенше!

Мұхтар  ШЕРІМ,

Шымкент  қаласы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: