Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңару күніндегі дүбірлі той

19.03.2025, 21:50 60

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдан бері Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипат алып, Ұлыстың ұлы күні он күн бойы кең көлемде тойланып келеді. Наурызнама онкүндігі әр өңірде, аудан, ауылды қамтып, көктем мерекесі лайықты деңгейде өткізілуде.

Бүгін «Жаңару күнінде» Ақсуат ауылдық округінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты Наурыз тойы аталды. Орталық алаң көзтартар көрініспен безендіріліп, көше бойлап ұлттық киімдер киген ауыл жастарының шеруі ұйымдастырылды. Қара жердің кемесі – түйе бастаған топты атқа қонған жастар жалғап, тамаша тартымды той түңлігін ашты. Ауылдық округтегі қауымдастық төрағасы Өмірсерік Әбуов жерлестерінің жетістіктерін жеткізіп, ризашылық лебізін білдірді.

Жалпыұлттық мейрамда концерттік бағдарлама бойынша театрландырылған көрініс қойылып, әндер айтылды, би биленді. Көпшілікке Наурыз тойының түрлі тағамдары ұсынылды. Спорттық сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Арнайы әзірленген көрмеге келушілер қызығушылықтарын танытты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: