Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдайлар мен оған дайындық пайда көзіне айналып кеткен

19.03.2025, 11:45 70

HALYQLINE.KZ

«Қазгидромет» тиісті ескертулердің бәрін уақытылы жасағанбыз деп дәлелдеп берді. Сонда да су жылдағыдан көп болды, табиғат қой деген сылтау айтылды. Мемлекет қыруар шығынға ұшырап, халық моральдық тұрғыдан соққы алды. Жердің беті зақымданды. Бірақ жазаға тартылғандар туралы ештеңе естіген жоқпыз.

Шындығына келгенде, төтенше жағдайлар мен оған дайындық пайда көзіне айналып кеткен. Жергілікті атқарушы органдардағы жауаптылар есебін жабады, ақшаны алады. Ал үкімет ақша бердік, істеліп жатқан шығар деп уайымсыз отырады. Екі ортада қиналатын халық пен елдің бюджеті. Ең сорақысы да сол, мемлекетке келген шығын ешкімнің жанына батпайды. Мемлекет шеккен зиянды ешкім жоқтамайды. Бір адамның немесе компанияның мәселесі болса, өзіне шығын келген адам жүгіреді ғой. Ал Қазақстан үшін, мемлекеттің бюджеті үшін жүгіру атымен жоқ секілді көрініп кетеді.

Оның бәрі заңның әлсіздігінен емес, идеологияның әлсіздігінен. Олай дейтінім, қаншама басшы неше түрлі қателік жасап жатыр. Солардың жазаға тартылатыны сирек. Мысалы, Екібастұз жылусыз қалғанда облыс әкімі жай ғана орнынан кетті де қалды. Неге орнынан кетуді оның жазасы деп қабылдауымыз керек? Ол өз әрекеті үшін заңды түрде жаза арқалауы тиіс еді. Сол секілді мысалдарды мыңдап келтіре беруге болады. Және бір жақ екінші жақтың қателігін көрсетуге, заңды жауапқа тартуға ұмтыла бермейді. Себебі бәрі бір-бірінің былығын біледі, бір-біріне кедергі келтіргісі келмейді. Бұл биліктің астыртын, айтылмаған заңы немесе заңдылығы. Президент айтпаса өз бетінше ешкім шара қолданбайды.

Айыпқан  МҰХАМЕДИЕВ,

заңгер.

«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен.

Фото: qaz.ulysmedia.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: