Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімдігі 22 миллион теңгеге көлік сатып алмақ болған

14.03.2025, 5:25 96

Мемлекеттік сатып алу порталында Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа қызметтік көлік сатып алуға арналған лот жариялаған,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мемлекеттік сатып алу басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда олардың балансында 2018 жылы шығарылған Skoda маркалы қызметтік көлік бар. Оның жалпы жүрісі 297 000 шақырымға жеткен.

“Аталған көлік техникалық жағынан ескірген. Жекелеген бөлшектері күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі техникалық жағдайы жиі істен шығуда, соның салдарынан жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын қаржы артуына байланысты көптеген шығынға алып келеді”,– деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мекеменің мәлімдеуінше, 2025 жылға арналған бюджет қалыптастырылған кезде жаңа қызметтік автокөлік сатып алуға қаржы қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы лотқа сәйкес, жаңа көлікті сатып алуға 22 миллион теңге бөлінген және ол С-класс санатына сай болуы тиіс.

Әкімдік өкілдері жаңа көлікті сатып алу қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылып отыр дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: