Ауғанстанда әйелдерге жамағатпен бірге намаз оқу үшін мешітке баруға тыйым салынды,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Etilaatroz басылымына сілтеме жасап.
Аталған тыйымды «Талибан» радикалды қозғалысынан құралған елдің жаңа үкіметі салып отыр. Шектеу енгізу туралы ақпарат жергілікті тұрғындарға Герат провинциясындағы имамдар арқылы жария етілді.
Бұған дейін елдегі мешіттерде жұма намазын оқу үшін әйелдерге арналған жеке ғимарат бөлінген болатын. Енді бұдан былай оларға мешіттегі жамағатпен намазға қатысуға тыйым салынады.
2021 жылы «Талибан» билікке келген соң әйелдердің құқығына қатал шектеулер енгізілді.
2022 жылы қыз балалар университетте білім алу тоқтатылса, әйелдер мемлекеттік және халықаралық ұйымдардағы жұмыстардан шеттетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!