Лос-Анджелесте америкалық Кинематографиялық өнер және ғылым академиясының «Оскар» сыйлығының 97-ші марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Биылғы кештің жүргізушісі продюсер және комик Конан О’Брайен болды.
Сонымен кино әлемінің басты марапаты кімдерге бұйырды?
Үздік екінші пландағы актер: Киран Калкин («Нағыз ауыр сезім»).
Үздік анимациялық халықаралық фильм: «Ағын. Жердегі соңғы мысық».
Үздік анимациялық қысқаметражды фильм: «Кипаристің көлеңкесінде».
Үздік костюм дизайны: «Wicked: Шебер әйел».
Үздік түпнұсқа сценарий: «Анора».
Үздік бейімделген сценарий: «Конклав».
Үздік грим және шаш үлгісі: «Субстанция».
Үздік фильм: «Анора».
Үздік актер: Эдриан Броуди («Бруталист»).
Үздік актриса: Майки Мэдисон («Анора»).
Үздік режиссер: Шон Бэйкер («Анора»).
Үздік екінші пландағы актриса: Зои Салданья («Эмилия Перес»).
Үздік шетелдік фильм: «Мен әлі де осындамын».
Үздік оператор: Лол Кроули («Бруталист»).
Үздік визуалды эффектілер: «Дюна: Екінші бөлім».
Үздік монтаж: «Анора».
Үздік дыбыс: «Дюна: Екінші бөлім».
Үздік түпнұсқа саундтрек: Дэниел Блумберг («Бруталист»).
Үздік қысқаметражды көркем фильм: «Мен робот емеспін».
Үздік қысқаметражды деректі фильм: «Оркестрдегі жалғыз қыз», Молли О’Брайен.
Үздік суретші-қойылым: «Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі».
Үздік костюмдер: «Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі».
Үздік грим және шаш үлгілері: «Субстанция».
Үздік ән: El Mal («Эмилия Перес»).
Еске салсақ, 1940-жылдардан бері Америкалық киноакадемия марапаты «Оскар» деп аталады. Ол 1929 жылы құрылып, жыл сайын Лос-Анджелестегі «Долби» театрында өтеді. Кеш әлемнің ондаған елінде тікелей эфирде көрсетіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!