Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Масленица мерекесі аталып өтті

02.03.2025, 17:55 170

Масленица мерекесі Славян этносының асыға күтетін мерекелерінің бірі. 2 наурыз күні – Достық үйінің концерт залында «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі 26 рет аталып өтті.

Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов барлық қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтап өтті.
-Біз бүгін Масленица мерекесін атап өтіп, еліміздегі әртүрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен бірлікті тағы бір мәрте ұлықтап отырмыз. Бізді біріктіретін ортақ құндылықтар мен мақсаттарымыз – елдің дамуы мен берекесі. Біз «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының биыл да «Масленица» мерекесіне ерекше дайындалғанының куәсі болудамыз.
Мерекеде баршаңызға денсаулық, бақыт, бірлік пен келісім тілеймін,-деді.

Масленица – бір күн емес, бір апта бойы тойланды. Әрі әр күнді тойлаудың өзіндік ерекшелігі болды. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналды, сәрсенбі тәтті тамақ пісірілсе, бейсенбі серуен басталды, ал жұма қайын ененің үйінде қонақта болса, сенбі қайын апа шаңырағында жүздесу, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталды.

Ең бірініші мотоциклдер шеруі Достық үйінің алдында бірнеше айналым жасады. Мерекеде әсем ән де, ұлттық киімдермен жасанған көркемөнерпаздардың мың бұралған билері де бұл күннің шырайын келтіре түсті. Шарада «Сударушки» вокалды ән тобы, флеш моб билер, көңіл көтеретін тақпақтар орындалды. Ең қызықты сәт облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары Масленица туралы частушкиді шырқады. Сондай-ақ, тәттілер мен қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Ал, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ тұрғындарға тегін таратылды. Спорттық ойындар да ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: