Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еске алу митингісі өтті

28.02.2025, 12:20 72

HALYQLINE.KZ

Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 36 жыл толды. Осыған орай «Тағзым алаңында» еске алу митингісі өтті. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ардагерлерге ізгі лебізін арнады. «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді. Ядролық сынақ зардабын жоюға қатысқан марқұмдардың рухына құран бағышталып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Бірқатар ардагерге қала әкімінің «Алғыс» хаттары табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: