Астана уақытымен сағат 2:24-те «Прогресс МС-30» ғарыш жүк кемесі «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы 31-ші алаңнан ХҒС-қа аттанды.
«Прогресс МС-30» көліктік жүк кемесі бар «Союз 2.1а» зымырантасығышын ұшыру белгіленген уақытта әрі жоспарланғандай өтті.
«Зымырантасығыштың бүйірлік бөліктерін бөлу ұшыру циклінің схемасына сәйкес жүргізілді, жүк кемесі орбитаға тоғызыншы минутта шықты. Ғарыштық жүк көлігінің ұшуы екі күндік қозғалыс кестесіне сәйкес болады, Халықаралық ғарыш станциясымен 2025 жылдың 2 наурызында түйіседі. «Прогресс» станцияға 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді», – делінген Роскосмос хабарламасында.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!