Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нәлібаев идеолог іздеп жатыр

02.06.2020, 10:30 897

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев идеолог іздеуге кірісті. Бұрын бұл қызметті Мира Қазыбекова бір жылдай атқарған. Алайда аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова еңбек жолы баспасөз хатшылығынан басталған маман Мира Жомартқызын облыс әкімдігіне алдырып, оған облыстық ішкі саясаттың жұмысын үйлестіруді тапсырды. 27 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің міндетін атқарушысының өкімімен ол облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сөйтіп, Қызылорда қаласының әкімдігі идеологсыз қалды.

Облыс әкімдігінің сайтында 2-3 күн бұрын Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне конкурс жарияланды. Онда үміткерге қойылатын басты талаптар көрсетілген. Атап айтқанда, стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару қабілеті болуы керек. Бұдан бөлек, үміткердің мамандығы өнер, гуманитарлық ғылымдар, құқық, қызмет көрсету (білім беру саласы), білім (білім саласы), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы), техникалық ғылымдар және технологияларға (білім саласы) жақын болуы тиіс екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: