Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен қалалық мәслихаттың ХХХІV сессиясы өтіп, күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Қала әкімі облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктеріне тоқталып, биылғы бюджетті нақтылауға ұсыныс енгізді.
«Қаңтар айында ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция, сауда макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты. 2025 жылға арналған қалалық бюджет 73,1 млрд. теңгеге бекітілді. Биылғы жылға жоспарлаған ауқымды жобаларымыз бар. Бүгін қала бюджеті алғашқы нақтылауға ұсынылуда. Қолдауларыңызды сұраймыз»,-деді Нұржан Сәбитұлы.
Аймақ басшысының қолдауымен Сырдың бас шаһарын дамытуда, оның ішінде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруда көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, мәдени орталықтар мен демалыс орындарын салу және қайта жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Байыпты бастамалар, жарқын жобалар биыл да жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!