Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Музей қорына тапсырды

26.02.2025, 16:30 61

 «80 жылдыққа – 80 экспонат» атты музейге сый акциясы аясында музей қоры құнды экспонаттармен толығуда.

Қармақшы ауданының тумасы, қолөнерші Қанибек Баймаханов Қызылорда қаласынан музейге арнайы келіп, әкесі соғыс ардагері Баймаханов Сәдуақастың (1904-1992) орден, медальдарын, құжаттарын, тұтынған заттары мен қолынан шыққан ат әбзелдерін, т.б. заттарды музей қорына тапсырды.

Баймаханов Сәдуақас 1942 жылы маусым айында неміс басқыншыларына қарсы соғысқа аттанған. Астрахань қаласынан басталған әскери жорық Сталинградтың Дубовка деген қаласын, Сталинградты, Мелитополь, Қырым, Одесса қалаларын жаудан азат етуге қатысқан. 1944 жылдың күз айында ауыр жараланып, елге оралған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: