Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең қауіпсіз ұшақ

24.02.2025, 11:15 48

Бұл – АҚШ президентінің Air Force One ұшағы. Америка Boeing 747 ұшағының ішінде екінші «Ақ үй» жасаған. Әлемдегі қауіпсіздігі қатты қадағаланатын ұшақ. Борт соңғы технологиялармен жасақталған. Ішінде люкс бөлмелер, президент кеңсесі,
конференция бөлмесі, тіпті операция жасайтын аурухана бар. Бұған 100-ге жуық телефон сымын, 20 факсты, бірнеше уайфай желісін қосыңыз.

Бортқа жүз адам сияды. Бірақ адам тасымалдау қымбат болғандықтан аз адам алады. Ұшақтың бір адамға «билеті» 80 мың доллар. Әдетте президент бортында Ақ үй қызметкерлері, қауіпсіздік қызметі мен журналистер ұшады. АҚШ президенті мұнда жұмыс істеп, пресс-конференция өткізе береді.

Борттың жанында бірнеше әскери ұшақ ұшып жүреді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: