Ақпан айының 18-20 аралығында интернет алаяктыққа қарсы «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара Қызылорда қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесі аумағында ұйымдастырылады.
Қазіргі уақытта кез келген адамның смартфоны, планшеті бар соған байланысты интернет алаяқтардың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, ауыспалы абоненттік нөмірлерді заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы ескертеміз.
Бұл жағдайда қылмыстық схемаларда қолданылатын телефон нөмірлері банктерге де, құқық қорғау органдарына да берілуі мүмкін. Интернет алаяқтардан сақ болу үшін пластикалық банк карталар мәліметін, код, құпия сөздерді ешкімге хабарламау маңызды. Белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын-ала төлем жүргізбеуге, күмән тудыратын сайттарға ақша аударымдарын жасамауға шақырамыз.
Қызылорда қаласы әуежайындағы ЖПб
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!