Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қылмыстық заңға дәстүр элементін қосу керек»: депутат ұсынысы

06.02.2025, 15:00 62

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстандағы қылмыстық заңнамаға дәстүр элементін қосу керек деп санайды. Ол Adal adam youtube-арнасына берген сұхбатында аталған ойды айтып, мұндай қадам сотталғандар санын азайтуға көмектеседі деді.

«Мерізімінен бұрын бостатудың екі түрі бар: мерзімінен бұрын босату және жеңіл жазаға ауыстыру. Бұл норманы сыбайлас жемқорлық пен жасөспірім балаларға азғындық жасаған қылмыскерлер пайдалана алмайды.

Ал түрмедегі азаматтардың қатарын азайтудың әр жолы бар. Мысалы, батыста айыпталушының жазасын өтеу мерзімін кейде комиссия шешеді. Сотталушылармен сөйлесіп, сұрақтар қою арқылы шешім қабылдайды. Екінші жолы ретінде алқабилер сотын негізге алуға болады, алайда ол әлі талқылау процесінде.

Менің ойымша, қылмыс жасаған адамды түрме емес, қоғам тәрбиелеу керек секілді. Көршілес Өзбекстанда дәстүрге негізделген махалла жұмыс істейді. Махалла орталығының басшысы ақсақалдар арасынан сайланып, жалақы төленеді. Көмекшілері арасында әйел мен бала ісі жөнінде әйел көмекші болады. Біздегі қылмыстық заңнамаға дәстүр элементін қосу керек», – деді депутат.

Сонымен қатар заңгер сотталушыларға кететін мемлекет шығынын да айтты. Оның сөзінше, бұл бағытағы шығынды есептеуде тек сотталушылардың тамағын есепке алуға болмайды. Оның ішінде түрме қызметкерлерінің жалақысы, коммуналдық төлемдер де бар. Сондықтан сотталушылар санын азайту жалғасу керек деп түйіндеді.

Коллаж: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: