Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуетті арттырудың жаңа рәсімі

24.01.2025, 8:40 56

HALYQLINE.KZ

2024 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда бірқатар жұмыстың басында жүрді. Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың 63270-сі жаңадан рәсімделді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бекболат Шәріпбеков мәлімдеді.

– «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері артуына байланысты, облыс аумағында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 255,4 мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы алушының төлем мөлшері қайта есептелінді. Есепті мерзімде республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 16 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 126291 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді, сәйкесінше 126291 іс-макеттері бекітілді,- деді Бекболат Жүнісәліұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: