Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

10.01.2025, 7:30 44

HALYQLINE.KZ

Қазір Сырдария өзенінде мұз ұстасуда. Қар күртіктерінің астында, құламалы жағалардың маңында, қамыс арасында, жарқабақтардың астындағы жұқа мұз адамның салмағын көтермейді, деп ескертеді Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сондықтан мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды.

Атап айтқанда,

* Жұқа, қатпаған мұз бетімен жүрмеген дұрыс.

* Мұздың бөлек телімдеріне топталып тұруға болмайды.

* Мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақын тұруға болмайды.

* Қараңғыда мұзбен жүру қауіпті.

* Өткел жоқ жерден мұз үстімен көлікпен өтуге болмайды.

* Егер мұздың түсі көгілдір болса берік қатқаны, ақ түсті болса беріктігі екі есе төмен.

Мұз үстінде қауіпсіз жүру үшін:

* жалғыз адамға 12 см;

* топ адамдар үшін 15-20 см;

* жоғарыдан мұз үстінде сырғанау үшін 25 см;

* жеңіл көлік үшін 35 см жоғары;

* жүк көліктеріне 50 см жоғары;

* трактор өтуге қауіпсіз қалыңдық 70 см жоғары болуы қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: