Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қысқа өмірді ұзартудың жалғыз жолы

26.12.2024, 7:30 60

HALYQLINE.KZ

Күндердің бір күйіп тұрған ыстық күнінде алыс жолдан шалдыққан адам сен еккен ағаштың қою көлеңкесіне келіп тынығып, демалатындай бір сезім…

Күндердің тағы бір күнінде кенезесі кеуіп шөлдеген біреу келіп, сен қазған құдықтың мөлдір суынан ішіп, мауқын басар деген бір сезім…

Анығында басқалар үшін жасаған ісің күндерің бір күні оны шынымен өте қажет ететін адамның қажеттілігін өтейтін болады деген сезімнің өзі адамға қуаныш пен тыныштық сыйлайды.

Есіңде болсын, сен көңіліңді көтеру үшін істегендіктен емес, біреуге пайда әкелетін нәрсені істегендіктен көңілің көтеріліп қуанышқа кенелесің.

Адам болып туғанымыз себепті сондай сауапты амалдан құралған кем дегенде бір белгіні қалдыруымыз керек. Әйтпесе, бұл дүниеде сүрген өміріңнің ізі құмға жазған жазудай сәтте-ақ өшіп жоғалары хақ.

Өмір сүрген уақытыңда өзіңе мақтаныш пен қуаныш сыйлайтын, бұл дүниеден қайтқан соң да оның пайдасын көргендердің барлығы саған алғысын айтатын бір нәрсені міндетті түрде жасауды қолға ал.

Еккен ағаштарыңды, қазған құдықтарыңды, істеген істерің бар болса, өзгенің жүрегінде өмір сүресің.

Дәл осындай сауапты ісіміз қысқа өмірді ұзартудың жалғыз жолы екендігі есіңде болсын!..

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: