Бүгінгі сатира
Әкімі Алматы Досаев,
Алға шықты, шошайып,
Астананың әкімін,
Қатарына қосайық,
Жаңа жылға шыршаны,
Қатырды ғой, Досаев,
800 миллион жұмсады,
Қандай үміт тосайық?
Одан қалмай, Астана,
700-дей масқара,
Бәрінен де, Ақтөбе,
Озып кетті тап-таза!
Былтырғыны орнатып,
Аяз Ата ойнатып,
Бір тиын да шығармай,
Жатыр әне, тойлатып!
Шымкентімде ерекше,
Кәдімгі ұзын терек ше?
Соған іліп, еттерді,
Қонақтатып, кептерді,
Жасап жатыр бөлекше,
Шұжығың да ілінген,
Қауынқақ бар, тілінген,
Алма, жүзім жарасып,
Балалар жүр, қарасып,
Түсіп кетсе, біреуі,
Үлкендер жүр таласып.
Кедейлер жүр осында,
Танысым жүр, досым да,
Қонақтаған тауықтар,
Демеңіз, одан қауіп бар,
Жұмыртқалап, тастаса,
Басты бұғып, шошынба,
Қиялдаймыз осылай,
«Ертегі» елміз, сосын да!
Ілінген әне, кәуаптан,
Жей беріңіз, тосылма!
Жей беріңіз, тосылма!
Мұхтар ШЕРІМ
Фото: anekdot.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!