Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақовтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел бақыты!» тақырыбында Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалармен кездесу өтті.
Кездесуге Қармақшы ауданының ардагері, ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет атқарған желтоқсаншы жерлесіміз, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Мұхит Қыпшақбаев, мәдениет саласының дамуына үлес қосқан желтоқсаншы жерлесіміз Айдос Ниязов, ауданның білім беру саласына үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз, №183 мектеп мұғалімі Ақбөпе Асқарова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері Рахат Бақытжанұлы және №105 мектеп лицейінің оқушылары мен ұстаздары арнайы қатысты.
Кездесудің мақсаты – ұлттық құндылығымыз Тәуелсіздікті қастерлеуге, өзінің тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу, бірлік пен достықты насихаттау.
Кездесу барысында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері әдеби монтаж оқыды, патриоттық бағытта әндер айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Байдрахманов ізгі лебіз жеткізіп, құттықтау табыстап, сый-сияпат жасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!