Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 9 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 8:24-те жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балды құрады.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!