Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот: жер учаскесін бір уақытта екі адамға беру мүмкін емес

04.12.2024, 11:25 46

HALYQLINE.KZ

Қызылорда тұрғыны сотқа жүгініп, Қызылорда қаласы әкімінің қаулысын заңсыз деп тануды өтінген. Себебі, бір жер учаскесі кәсіпкерлік қызмет үшін оған да, серіктестікке де берілген.

МАӘС қала әкімінің тиісті қаулысын заңсыз деп тауып, күшін жойған.

ЖШС бұл шешімге шағымданып, даулы учаске ЖШС-ге қосымша ретінде берілгенін, ал талап қоюшы талап қою мерзімін өткізіп алғанын көрсетті.

Қызылорда облыстық соты істі қарап, мән-жайды анықтады.

ЖШС және талап қоюшы қала әкіміне кәсіпкерлік қызмет үшін қосымша учаскесін ұсыну туралы өтінішпен жүгінген.

2022 жылы жер комиссиясы талап қоюшыға да, ЖШС-ге де даулы жер учаскесін беру туралы оң қорытындылар қабылдаған.

2023 жылы учаске ЖШС-нің пайдалануына берілген.

Талап қоюшы даулы учаскені ЖШС-ге беруге келіспегенін көрсеткен.

ӘРПК-нің 10-бабына сәйкес, әкімшілік орган әкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік рәсімге қатысушының мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз етеді.

Алайда, әкімдік ЖШС мен талап қоюшыға жер учаскесі неге бірдей берілгені туралы дәлелдемелер келтірмеген. Осылайша, әкімшілік рәсімге қатысушының әділ теңгерімі сақталмаған.

Жер Кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес, жер комиссиясының отырысы міндетті түрде аудио-бейнежазба құралдарының көмегімен өткізіледі. Комиссия отырысын өткізу барысында бұл талап сақталмағаны анықталды. Сонымен қоса, әкімдік комиссия отырысының аудио-бейнежазбасын сотқа ұсына алмады.

Облыстық сот жер комиссиясының отырысы заң талаптарына сәйкес өткізілмеді деген қорытындымен келісті.

Сот талап қою мерзімін қалпына келтірді.

МАӘС шешімі өзгеріссіз қалды.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Қызылорда облысы әкімінің атына жеке ұйғарым жолданды. 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: