Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорғаныс бөгеттері нығайтылуда

07.11.2024, 15:40 260

Биыл Сырдария өзеніне күткендегіден артық су түседі деген болжам бар. Әзірге болжам болса да, қай мәселеге де ерте қамданғанның тиімділігі көп.

Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, қала әкімі Нұржан Ахатов дария бойындағы қорғаныс бөгеттерінің дайындығын көріп, су тасқынын болдырмау жолдарын пысықтады. Жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, барлық күшті жұмылдыру қажет екендігін ескертті.

Қазірдің өзінде Сырдария өзеніне жоғарыдан жіберілетін судың мөлшері секундына 400 текше метрді құрап отыр. Бұл аз су емес. Аяз түсіп, мұз ұстасқанда дария деңгейі шамадан тыс көтерілуі ықтимал. Сондықтан Қызылорда қаласының аумағы бойынша Сырдария өзенінің оң жағалауында 65 шақырым, сол жағалауында 23,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгетін барынша нығайту қажет. Бүгінде дария бойына кезекшілік қойылып, бақылау күшейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: