Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар ең көп қоятын есімдер белгілі болды

15.10.2024, 12:55 185

Биылғы жылы қызылордалық ата-аналар балаларына қойған ең танымал есімдер белгілі болды. Олар – Мұхаммед пен Айлин.

Ер балалар арасында ең көп таралған Мұхаммед есімі. Себебі жыл басынан бері Қызылорда облысында 2 661 Мұхаммед есімді сәби дүниеге келген. Сонымен қатар танымалдылыққа ие есімдердің арасында Айсұлтан, Ерасыл және Әлихан есімдері де бар.

Қыз балалар үшін ата-аналар көбінесе Айлин есімін таңдаған. Ағымдағы жылдың 9 айында 2 192 Айлин дүниеге келген екен. Сондай-ақ, Медина, Амина және Ясина есімдері де сұранысқа ие.

Осылайша жыл басынан бері Қызылорда облысында 13 мыңға жуық сәби дүниеге келген.

Естеріңізге сала кетейік, тууды тіркеуге өтінішті ХҚКО, электрондық үкімет порталы арқылы және проактивты түрде беруге болады. Бұл ретте, бала туылғаннан кейін сәбидің анасына 1414-тен құттықтау SMS-хабарлама келіп, қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты кезең-кезеңімен сұрататын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: