Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

09.10.2024, 16:05 199

Мемлекеттік қызмет – кім көрінгеннің қолынан келе бермейтін іс. Олай дейтін себебіміз, мемлекетке адал қызмет ету – жүректен. Ұлтқа деген адалдығың, сүйіспеншілігің осы тұста анықталатыны айдан анық. Қоғамда неше түрлі мамандық иесі бар, қаншама санатқа жататын халық бар. Оның әрқайсысының мұң-мұқтажына құлақ асу, оны құзырлы адамдарға жеткізу, сондай-ақ тіл табысу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы тұста мемлекеттік қызметкердің еңбегі ерен. Мемлекеттік концепциядан ойып тұрып орын алатын қызмет иелерінің кейде еленбей, көлеңкеде қалып жататыны өкінішті. Қоғамда мемлекеттік қызметкерлердің репутациясына күмән келтіретіндер де жоқ емес. Оған еліміздегі жемқорлық, әділетсіздік факторлары түрткі болып отыр десек, артық айтқанымыз емес. Қазақта «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді” деген тәмсіл бар. Мемлекеттік қызметшілерді бүтін бір ел деп алуымыз керек. Адамға қарап, бүтін ұлтқа баға бере алмайсың ғой. Сол себепті, кей іс-әрекеттерге, негативті жаңалыққа құлақ асып, барша мемлекеттік қызметкерге күйе жағу да – айып. Парақорлыққа жол беріп, өз мүддесін ұлт мүддесінен жоғары қойғандарды да тәркілеп, заң жүзінде жазалайтын да мемлекеттік қызмет иелері екенін жадымызда сақтағанымыз абзал.

Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық ахуалын жіті назарда ұстап, үлкен мәселелерді күн тәртібіне қоя білу – мемлекеттік қызметкер парызы. Қазіргі таңда аталған мамандықты таңдап, сол салада жетіліп, ұлт үшін қызмет еткің келсе, мүмкіндік көп. Бүгінде мемлекеттік қызметтің қай саласын да Жоғары оқу орындарынан меңгеруге жағдай жасалған. Тек ниет болса жеткілікті.

Расында, жоғарыда айтып өткінеміздің бәрі мемлекеттік қызмет өкілдерінің абыройын асқақтату, қоғам алдындағы имиджін жақсы қырынан көрсету ғана емес, сонымен қатар жиырма миллионға жуық халықтың әлеуметтік күнкөрісін назарда ұстайтын маман иелерінің ерен еңбегін көпшілікке таныту, қоғам жадында сақталған керітартпа көзқарастарға нүкте қою. Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Сол абыройлы міндетті өз деңгейіңде атқара білу де – үлкен өнер!

Ақниет ЖАНҰЗАҚ

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының

Бас маман-сот отырысының хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: