Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Бейнекамералардың көмегімен 122 қылмыс ашылды

08.10.2024, 12:00 163

HALYQLINE.KZ

Бейнекамералардың полиция жұмысы тиімділігінің артуына және қылмыстың жедел ашылуына тиер көмегі зор. Мәселен, Қызылорда облысында жыл басынан Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 122 қылмыс ашылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«102» мобильді қосымшасына 22 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілді. Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарады.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларымен 41 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде 34 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды.

«Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылық деректерін, қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам дерегін, қоғамдық орындарда тиісудің 300 дерегін, бұдан бөлек 2026 басқа да құқықбұзушылық анықтады.

Сондай-ақ, адам көп шоғырланатын орындарға орнатылған «SOS» дабыл кнопкасына 15 хабарлама түсті. Айта кетерлігі, облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «102» «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылған. «SOS» түймесін басу арқылы тәулік бойы Жедел басқару орталығына видео арқылы қоңыраулар келіп түседі. Құрылғылардың орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: